Ормуз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Бүгін, 17:30 / Алуа Арман
Фото: Anadolu

Иран әскері Ормуз бұғазында теңіз миналарына жарылған екі мұнай танкерінде өрт шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бақылау жүйелерін өшіріп, Ормуз бұғазындағы «тыйым салынған аймаққа» кірген екі мұнай танкері теңіз миналарынан жарылған. Соның салдарынан кемелерде өрт шыққан. Бұл туралы Иран армиясының жазбаша мәлімдемесінде айтылған.

Оқиға таңертең болған.

Мәлімет бойынша, кемелер бақылау жүйелерін өшіріп, Иран тарапы өтуге рұқсат бермеген аумаққа кірген. Теңіз миналарына жарылу салдарынан танкерлерде өрт тұтанған.

Иран әскері елдің мақсаттары мен талаптары орындалмайынша, Ормуз бұғазы ашылмайтынын атап өтті.

Сонымен қатар кеме иелеріне бұғаз арқылы «қауіпсіз өту» үшін өз әрекеттерін Иран қарулы күштерімен үйлестіру ұсынылды.

Еске салайық, 22 қарашада Ормуз бұғазы маңында тағы екі танкер минаға жарылып, өртенген болатын.

Тэгтер:

мұнай иран кеме Ормуз бұғаз танкер