Биржада доллар бағасы 458 теңгеден асты

Бүгін, 16:22 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 458,28 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,19 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 24 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 455,12 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 457,32 теңге, сату бағамы 460,3 теңге болды. Астана қаласында доллар орта есеппен 454,94 теңгеден сатып алынып, 461,94 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкентте долларды сатып алу бағамы – 457,09 теңге, сату бағамы – 460,25 теңге.

Еске салайық, 16 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,11 теңгеге өскен. 17 қарашада 0,55 теңгеге төмендесе, 18 қарашада 0,17 теңгеге, 19 қарашада 4,47 теңгеге, 20 қарашада 5,87 теңгеге өскен. Ал 23 қарашада 0,2 теңгеге арзандаған еді.

Тэгтер:

Доллар Валюта биржа нарық қор