Екібастұзда 515 млн теңге тұратын су шаруашылығы нысандары мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 15:57 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысының прокурорлары 500 млн теңгеден астам сомаға су шаруашылығы нысандарын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, сорғы станциялары мен құбырларзаң талаптарын бұза отырып, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілмей, жеке басқарушыға берілген.

Бұл ретте нысандар коммерциялық мақсатта пайдаланылғанымен, мемлекет оларды пайдаланудан тиесілі таза кіріс алмаған.

Прокуратураның ұсынуы негізінде сенімгерлік басқару шарттары бұзылып, жалпы құны 515 млн теңгеден асатын су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Алдағы уақытта аталған нысандар қайтадан конкурсқа шығарылып, оларды пайдаланудан түсетін таза кірісті бес жыл бойы мемлекеттік бюджетке аудару міндетті шарты белгіленеді.

Осылайша, прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде құны 515 млн теңгеден асатын мүлік мемлекетке қайтарылып, оны одан әрі пайдаланудан бюджетке кіріс түсіруге мүмкіндік жасалды.

 

Тэгтер:

Екібастұз