20 қарашада Қызылорда қаласында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, киікке ұқсас жануарлардың 58 өлексесін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігіне сәйкес Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеу жүргізілді.
Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және жабайы жануарларды заңсыз аулауға жол бермеуге шақырады.