Қытайда жер сілкінді

Бүгін, 15:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 24 қараша күні сағат 12:40-та (Қазақстан уақытымен) Қытай аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 42,17 градус солтүстік ендік пен 82,27 градус шығыс бойлықта орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 болды. Энергетикалық класы – K=10,9. Ошақ 5,8 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісі салдарынан қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұған дейін Қытайда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.

Тэгтер:

Қытай жер сілкінді