Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Бүгін, 14:22 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбеде Оңтүстік айналма жолында екі жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі дене жарақатын алды», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Айбек Борашев.

Аталған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Тэгтер:

Ақтөбе Жол апаты