Колумбиялық тыңдармандар әнші Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер иесімен бірге қазақ тілінде «Ұмытылмас күн» әнін шырқады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші аталған сәттің видеосын желідегі парақшасына жариялады.
«Рақмет саған, Колумбия! Бұл шынымен ұмытылмас күн болды. Барлығыңызды жақсы көремін. 10 сағаттан кейін Чилиде кездескенше», – деп жазды Димаш.