Ақмола облысында медицина мамандарына 4 млн теңге МӘМС жарнасы аударылмаған

Бүгін, 12:05 / Алуа Арман
istockphoto.com

Сандықтау ауданының прокуратурасы vіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау барысында 338 медицина қызметкерінің құқықтарының бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, жұмыс беруші екі ай бойы МӘМС бойынша аударымдарды жүзеге асырмаған. Соның салдарынан қызметкерлер сақтандырылған тұлға мәртебесінен айырылып, МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді алу мүмкіндігінің шектелуі ықтимал болған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде МӘМС бойынша 4 млн теңгеден астам соманы құрайтын берешек толық өтелді.

Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылды.

Тэгтер:

медицина Ақмола облысы жарна МӘМС Сандықтау ауданы