Қазақстандық боксшы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қажылық парызын өтеу үшін Мекке қаласына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Меккеге қажылық жасау – мұсылмандар үшін Исламның бес парызының бірі саналатын қасиетті құлшылық.
«Ассалаумағалейкум, мұсылман бауырлар! Баршаңызға осында келуді нәсіп етсін», – деп жазды ол желіде.
Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, кеңінен танылды. Сондай-ақ, сол Олимпиадада ең үздік техникалық боксшыға берілетін «Вэл Баркер» кубогын иеленді.
Бұдан бөлек, ол – бокстан екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007), Азия ойындарының жеңімпазы (2010) және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.