Петропавлдық әйел жылу құбырларының арасында қысылып қалған

Бүгін, 09:51 / Інжу Әлихан
112

Петропавлда әйел адам жылу трассасы құбырларының арасында қысылып қалып, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ құтқарушылары әйелді жетуі қиын жерден жедел шығарып алып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ ескертеді: инженерлік құрылыстардың маңында абай болыңыздар. Жету қиын жерлерге өз бетіңізше кіруге тырыспаңыздар. Қауіпті жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар.