Абай облысындағы тасжолда екі жүк көлігі соқтығысты

Бүгін, 07:53 / Нұрлан Әлинұр
Фото: gov.kz

Абай облысындағы "Алматы – Өскемен" автожолында жол-көлік оқиғасы болды – жүк көліктері соқтығысты, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған turkystan.kz.

Жол апаты 22 қарашада сағат 11:00 шамасында автожолдың 902-шақырымында, Қапан-Бұлақ ауылының маңында болған.

Ведомствоның мәліметінше, Renault маркалы жүк көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Өскеменнен Алматыға қарай келе жатып, қауіпсіз жылдамдықты таңдамаған және алдында келе жатқан Volvo жүк көлігімен арақашықтықты сақтамаған.

Салдарынан екі жүк көлігі соқтығысып, Renault жүргізушісі жеңіл жарақат алған.

"Материалдық залал келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамада 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл көзделген", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң ұстанып, қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты сақтауға шақырды.