Дженсен Хуанг NVIDIA президенті және бас директоры қызметіне қайта тағайындалды

Бүгін, 06:39 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

NVIDIA директорлар кеңесі Дженсен Хуангты компания президенті және бас директоры қызметіне қайтып келді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жанжалдан кейін қызметінен кеткен NVIDIA басшысы Дженсен Хуангтың жақын арада қайта оралатынына үміт білдірген болатын.

"Оның компанияға қайта оралып, жұмысын жалғастырғанын және өз міндетін жақсы атқарғанын қалаймын", – деді Трамп PBS телеарнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін Хуанг директорлар кеңесі ұсыныс жасаған жағдайда қызметіне қайта оралуға дайын екенін мәлімдеген. Трамп оны дарынды адам деп атап, "өз сабағын алды" деген пікір білдірді.

Айта кетері, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін стратегиялық серіктестердің III форумында Дженсен Хуангты IT саласының "аңызы" деп атаған болатын.
NVIDIA 12 қарашада Хуангтың президент және бас директор қызметінен кеткенін хабарлаған еді. Хуангтың отставкаға кетуіне Элис Хуангпен жақын қарым-қатынасы төңірегіндегі жанжал себеп болған. Элис Хуанг 2025 жылға дейін Megaspeed компаниясын басқарған. Қазір бұл компания АҚШ-тың Әділет және Сауда министрліктерінің экспорттық шектеулерді бұзу ықтималдығына қатысты тексеруіне іліккен.

Сондай-ақ Элис Хуанг Қытайға ақпарат жеткізу көзі болуы мүмкін деген болжам айтылған. Қытай СІМ NVIDIA ісіне қатысты "Қытай тыңшылығы" туралы мәлімдемелерді негізсіз деп атады.