Қазақстандық сарбаз ант беру рәсімінен кейін сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Бүгін, 21:36 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Алматыда әскери ант қабылдаған жас сарбаз сүйіктісіне ерекше жағдайда үйлену туралы ұсыныс жасады. Ол неке жүзігін дрон арқылы жеткізіп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласынан әскерге шақырылған десантшы Давид Кастеллино әскери ант қабылдау рәсімінен кейін сүйіктісі Анастасияға тосынсый дайындаған. Жас жігіт өміріндегі маңызды екі оқиғаны бір күнге тоғыстырып, Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен сәтте сүйіктісіне сөз салуды ұйғарған.

Сарбаздың ұсынысы әдеттегіден ерекше болды. Ол сүйіктісіне арналған жүзікті ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен жеткізген. Анастасия үшін бұл күтпеген тосынсый болған.

"Ол үшін күтпеген сәт неке жүзігінің пайда болуы болды. Жүзік сүйіктісіне дрон арқылы жеткізілді. Бұл әсерлі оқиға Отанға қызмет ету, әскери борышқа адалдық пен жеке бақыттың қатар жүре алатынын көрсетті", – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Тэгтер:

Шымкент