Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» қоры мен ҚТЖ рейтингін растады: тұрақты болжам сақталады

Бүгін, 18:22 / Алуа Арман

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кредиттік рейтингісін BBB деңгейінде, болжамын «Тұрақты» деп, ал «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның рейтингісін BBB- деңгейінде, болжамын «Тұрақты» деп растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Агенттіктің бағалауы бұрынғыдай екі ұйымға да мемлекет тарапынан қолдау көрсету ықтималдығының жоғары екеніне негізделген.

«Самұрық-Қазынаның» рейтингі егеменді рейтингісімен теңестірілген. Себебі Fitch агенттігі мемлекеттің төтенше қолдау көрсету ықтималдығын кепілдендірілген (Virtually Certain) деп бағалайды. Бұл мемлекеттің қордың жалғыз акционері болуымен, оның басшылығын тағайындауымен және қорды стратегиялық мемлекеттік міндеттерді іске асыру құралы ретінде пайдалануымен байланысты.

ҚТЖ рейтингі бір саты төмен және мемлекеттің қолдау көрсету ықтималдығының өте жоғары (Extremely Likely) екендігін, сондай-ақ компанияның дербес кредиттік бейінінің bb- деңгейінде екенін көрсетеді. ҚТЖ толығымен «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекетке тиесілі және ұлттық теміржол операторы қызметін атқарады.

Тэгтер:

Самұрық-Қазына рейтинг ҚТЖ