Жамбыл көлік прокуратурасы Күйік асуындағы «Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» тас жолының учаскесін жөндеу кезінде материалдар құнының негізсіз қымбаттатылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру нәтижесінде, жол жамылғысын нығайтуға арналған геотордың нормативтік бағасы 2 579 теңге бола тұра, сметаға шаршы метрі 3 544 теңгеден енгізілгені белгілі болды. Салдарынан жұмыс құны 185,9 млн теңгеге артты.
Прокуратураның араласуынан кейін ҚҚС-ты есепке алғанда бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды.
Жол жөндеу жұмыстарының заңдылығы мен сапасы прокуратураның бақылауында.