Павлодар облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды

Бүгін, 14:09 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Жетекші ауылы маңындағы Шығыс өнеркәсіптік аймағының аумағында карьерден заңсыз топырақ қазып алғаны үшін КамАЗ жүк көлігі мен тиегіш техникасының жүргізушілері ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Құқық бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.

Полиция азаматтарға жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары заңнама талаптарына сәйкес, тиісті рұқсат құжаттары негізінде ғана жүргізілуі тиіс екенін ескертеді. Табиғи ресурстарды заңсыз өндіру заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Құқық қорғау органдары мұндай заң бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.