«Өз тамырыммен қауыштырғаныңа рақмет!»: Мұстафа Өзтүріктің қызы жүрекжарды жазба жариялады

23 қараша, 2026 / Інжу Әлихан

Таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, 6 дүркін әлем чемпионы, Қазақстанда таеквондо федерациясының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әкесінің туған күнінде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін менің сүйікті әкем – Мұстафа Өзтүрік 72 жасқа толар еді.

Біз сенен тым ерте айырылдық. Бірақ мен сені өз халқыңның жүрегінен қайта таптым.

Адамдар сен туралы айтқанда, олардың көздері қалай жарқырайтынын көрсең ғой деп қатты армандаймын…

Әке, халқың сені ұмытқан жоқ. Қазақ бар да, сен де барсың!  Мені өз тамырыммен қайта қауыштырғаның үшін рақмет! Саған лайықты қызбын деп үміттенемін. Сені ойламай өткен бірде-бір күнім жоқ.

Алла саған жұмақтың ең жоғары дәрежесін нәсіп етсін. Туған күнің құтты болсын, әке! Мәңгілік махаббатпен, сенің қызың», – деді ол.