Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінде қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Бүгін, 07:59 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлер арасында үлкен тұғырдан екі жекелей жарыс өтті. Іріктеу нәтижесі бойынша қазақстандық Данил Васильев пен Илья Мизерных екеуінде де финалдық кезеңге жолдама алды.

Алғашқы жарыста Васильев 19-орынға ие болса, Мизерных 49-орынға тұрақтады. Австриялық Штефан Эмбахер жеңіске жетті. Норвегиялық Халвор Эгнер Гранеруд екінші, австриялық Раффаэль Циммерманн үшінші орын алды.

Екінші жарыстың қорытындысы бойынша Васильев 29-орынға, Мизерных 39-орынға орналасты.

Бұл сында норвегиялық Кристоффер Эриксен Сундал жеңімпаз атанды. Австриялық Раффаэль Циммерман екінші, норвегиялық Исак Андреас Лангмо үшінші орын алды.

Қазақстандық Святослав Назаренко мен Нұршат Тұрсынжанов іріктеу кезеңінен өте алмады.