Ақтөбе облысында 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғандар сотталды

Бүгін, 09:41 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Шалқар ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығын талдау барысында мектеп қызметкерлеріне жалақы төлеу түрінде 82 млн теңгеден астам қаражаттың жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталғандай, «№5 мектеп-лицейі» КММ-нің бас бухгалтері басқа бухгалтерлермен бірге 2021-2024 жылдары директордың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, қызметкерлерге жалақыны асыра есептеп аударуды ұйымдастырған. Қызметкерлер артық алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, бухгалтерлерге берген.

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Шалқар аудандық сотының үкімімен үш кінәлі тұлға сотталды. Бас бухгалтерге 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, ал қалған екі сотталғанға 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Барлық сотталғандарға 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты сот жазаны өтеуді кейінге қалдырды.