Доллар мен еуро: ақша айырбастау орындарындағы бүгінгі бағам

Бүгін, 08:13 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астанадағы айырбастау пункттерінде:

АҚШ доллары 452 теңгеден сатып алынып, 458,98 теңгеден сатылып жатыр;

еуроның сатып алу бағамы – 495 теңге, сату бағамы – 505 теңге;

рубль 5,25 теңгеден сатып алынып, 5,45 теңгеден сатылуда;

юань 67,74 теңгеден сатып алынып, 71,67 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы төмендегідей:

доллар 452,89 теңгеден сатып алынып, 455,29 теңгеден сатылуда;

еуроның сатып алу бағамы – 498,07 теңге, сату бағамы – 502,69 теңге;

рубль 5,24–5,37 теңге аралығында саудаланып жатыр;

юань 67,30–69,82 теңге аралығында сатылуда.

Айта кетейік, валюта бағамы айырбастау пункттеріне қарай өзгеруі мүмкін.