Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

Бүгін, 05:45 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

23 қарашада Алматы және Жезқазған қалаларында, сондай-ақ Атырау қаласында түнде атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.