Алматы орталығындағы көше қиылыстарының бірі түні бойы жабық тұрады

22 қараша, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Достық даңғылы мен Сәтпаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, аталған учаскеде кабель тарту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

"Алматыда 22-нен 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтпаев көшесінің қиылысында кернеуі 10 кВ кабелдік желіні төсеу жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі", - деп хабарлады Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты.

Сағат 22:00 мен 06:00 аралығында кабельді ашық тәсілмен төсеу жұмыстары жоспарлануда. Ол аяқталған соң мердігер ұйым жол төсемін және абаттандыру элементтерін қалпына келтіреді.

Жүргізушілерден маршрутты жоспарлау кезінде алдағы шектеулерді ескеру сұралады.