Атырауда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, үш адам зардап шекті. Олардың бірі – оқушы қыз, деп хабарлайды "Ақ Жайық"
Басылым дерегінше, оқиға 19 қарашада сағат 12:10 шамасында Азаттық даңғылындағы "Торговая база" аялдамасы аумағында болды. Автобус жетінші сынып оқушысын қақты.
Куәгерлердің айтуынша, автобус №64 бағытымен жүрген.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, мектеп оқушысынан бөлек, Yutong маркалы автобустың екі жолаушысы зардап шекті. Олар медициналық көмекке жүгінген.