Павлодар облысында ер адам жолдағы камераларды қасақана зақымдаған

Бүгін, 17:13 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Павлодар облысында ер адам жол қозғалысын тіркейтін 6 камераны зақымдаған.

Оқиға Омбы - Майқапшағай автожолында болған.

Полиция мәліметінше, мотоциклші жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін алты камераның корпустарын қасақана зақымдаған.

Зақым келгеніне қарамастан, жабдық штаттық режимде жұмысын жалғастырған.

31 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр.