Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
22 қараша сағат 12:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөліктердің барлық түрлері үшін келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:
"Қостанай — Мамлютка" автожолының 226–406 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Мамлютка қаласы);
"Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы" автожолының 11–73 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — РФ шекарасы);
"Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы" автожолының 491–521 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — Мамлютка қаласы).