Доллар 459 теңгеге дейін қымбаттады: қалалардағы валюта бағамы

Бүгін, 11:05 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро, рубль және юаньның бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елордадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 452 теңгеден сатып алынып, 459 теңгеден сатылып жатыр.

Басқа валюталардың бағамы төмендегідей:

Еуро: сатып алу – 495 теңге, сату – 505 теңге;

Рубль: сатып алу – 5,25 теңге, сату – 5,45 теңге;

Юань: сатып алу – 67,72 теңге, сату – 71,59 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 453,60 теңгеден сатып алынып, 455,82 теңгеден сатылуда.

Қаладағы өзге валюталардың бағамы:

Еуро: сатып алу – 499,14 теңге, сату – 503,78 теңге;

Рубль: 5,25–5,37 теңге аралығында;

Юань: 67,37–69,81 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, валюта бағамы ақша айырбастау пункттеріне қарай өзгеруі мүмкін.