Үржар ауданында 62 жастағы Hyundai Tucson жүргізушісі полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, жолсыз жермен қашуға әрекеттенген, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 қарашада түнгі уақытта болған қуғын барысында жол талғамайтын көлік қызметтік Chevrolet Cobalt автокөлігіне соғылған.
"Медициналық куәландыру жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғанын растады. Екі құқық бұзушылық бойынша материалдар сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды", - делінген хабарламада.
Полиция мас күйінде рульге отырмауды және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды ескертті.