Алматыда тауда қалып қойған төрт ер адам құтқарылды

21 қараша, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ortcom.kz

Алматы қаласының Медеу ауданында таудан өздігінен түсе алмай қалған төрт ер адамға құтқарушылар көмек көрсетті.

Олар теңіз деңгейінен шамамен 1700 метр биіктікте орналасқан «Денсаулық баспалдағы» арқылы көтеріліп, кейін Студенттер соқпағымен жоғары қарай жүрген. Алайда кері қайту кезінде өздігінен түсе алмай, көмек сұраған.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық құтқару қызметінің «Барыс» құтқарушылары барып, ер адамдарды тауып алды. Құтқарушылар оларды «Медеу» мұз айдыны аялдамасына дейін қауіпсіз түсірді.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарылған азаматтар үйлеріне өз беттерінше қайтты.