Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі жабылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 қараша күні сағат 21:00-де Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі, - делінген хабарламда.
Шектеу «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776–965 шақырым аралығында, яғни Ақтөбе қаласындағы «Эко Ойл» жанармай құю бекетінен Қарабұтақ ауылына дейінгі учаскеде қолданылады.
Жол қозғалысын 2026 жылғы 22 қарашада сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланған.