Бүгін шетел валютасын қанша теңгеден сатып алуға болады?

Бүгін, 10:56 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро, рубль және юаньның бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, елордадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары 452,18 теңгеден сатып алынып, 459,18 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 494,97 теңге, сату бағасы – 504,97 теңге.

Ресей рублінің бағамы 5,25-5,45 теңге аралығында болса, Қытай юані 67,45 теңгеден сатып алынып, 71,28 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 454,15 теңгеден сатып алынып, 457,50 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 498,82 теңге, сату бағамы – 503,80 теңге.

Рубль 5,27-5,40 теңге аралығында саудаланса, юаньның бағасы 67,38-69,85 теңге аралығында қалыптасты.

Айта кетейік, айырбастау орындарындағы валюта бағамы уақыт өте өзгеруі мүмкін.