Шығыс Қазақстанда жол жөндеу жұмыстары кезінде адам сүйектері табылды

Бүгін, 09:29 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазақстанның шығысында жол жөндеу жұмыстары кезінде адам сүйектері табылды. Бұған қатысты ШҚО полициясы түсінік берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Адам сүйектерінің табылғаны туралы ақпарат желіде жарияланды.

Жазбада Өскемен – Риддер тасжолында, "Радуга" ауданында жүргізілген жұмыстар кезінде аяқ-қолы байланған мәйіт табылғаны айтылған.

ШҚО ПД бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлім етті.

Алдын ала мәлімет бойынша, табылған сүйектер ер адамға тиесілі.

"Қазіргі уақытта марқұмның кім екенін және өлім себебін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Аяқ-қолы байланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады полициядағылар.