Президент: «Заң мен Тәртіп» – мен үшін Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным

Бүгін, 15:48 / Алуа Арман
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында елдегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің «Заң мен Тәртіп» қағидатына негізделетінін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдумда мемлекетіміздің төлқұжаты – Конституциямызды қабылдадық. Мұны ұлтымыздың тағдырына тікелей әсер еткен тарихи шешім болды десек, артық болмас. Конституцияда Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, жалпыұлттық бірлігімізді күшейту мемлекетіміздің негізгі қағидаттары болып бекітілді. Адам капиталын, білім-ғылымды, инновацияны дамыту конституциялық мәні бар стратегиялық міндет деп танылды. Біз ұлт Конституциясында «Заң мен Тәртіп» қағидатын халқымыздың аса маңызды құндылығы деп айқындадық. «Заң мен Тәртіп» – мен үшін Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным. Түптеп келгенде, ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер дәл осы қағидатқа негізделеді. Өйткені заң үстемдік етпесе, қоғамда тәртіп болмаса, ешқандай реформаның нәтиже бермесі айдан анық», – деді Президент.

Тэгтер:

Заң мен Тәртіп