Қуаңшылық, үсік және мал ауруы жылдар бойғы маңдай терді желге ұшыруы мүмкін – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 15:17 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында шаруаларды тәуекелдерден алдын ала ерікті түрде сақтануға ынталандыратын шаралар қарастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Тағы бір өзекті мәселе – агросақтандыру жүйесін жетілдіру.

Қуаңшылық, үсік және мал ауруы жылдар бойғы маңдай тер, табан ақыны желге ұшыруы мүмкін.

Жергілікті климат жағдайына сеніп, жайбарақат отыруға болмайды. Бұл әуел бастан тиімсіз стратегия. Шығынды үнемі бюджеттен өтеу де проблеманы шешпейді. Сондықтан Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп аталған нарықты дамыту жөнінде нақты ұсыныстар беруі керек.

Сонымен қатар шаруаларды тәуекелдерден алдын ала ерікті түрде сақтануға ынталандыратын шаралар қарастыру қажет», – деді Президент.