Мемлекет басшысы: «Халықтық құрылыс» – келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет

Бүгін, 14:52 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумына қатысып, сөз сөйледі. Жиында Президент жақында жарияланған «Халықтық құрылыс» жобасына тоқталып, осы мазмұны терең бағдарлама аясында ауыл-аймақтарға, шаруалар мен агроөнеркәсіп кешендеріне қажетті инфрақұрылым салынатынын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Халықтық құрылыс» деген атауында тұрғандай, бұл жоба халықтың игілігін көздейді, барлық азаматты жасампаз іске жұдырықтай жұмылдырады. Бұл – шын мәнінде келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет. Құбылмалы әрі тұрақсыз әлемнің күрделі сын-қатерлеріне біздің лайықты жауабымыз – «Құрылыс және тағы да құрылыс!». Геосаяси және экономикалық ахуал бұлыңғыр жағдайда мемлекетіміздің, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің анағұрлым дұрыс, қисынды жолы осы екеніне сенімдімін. Осы мазмұны терең бағдарлама аясында ауыл-аймақтарға, шаруалар мен агроөнеркәсіп кешендеріне қажетті инфрақұрылым салынады», – деді Президент.

Тэгтер:

Халықтық құрылыс