Шымкентте жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарға іс қозғалды

Бүгін, 12:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент қаласының прокуратурасы республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстары барысында заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру нәтижесінде Шымкент қаласы Қаратау ауданының Достық ш.а. жер қойнауын заңсыз пайдалану (қиыршық тас өндіру) фактісі анықталды.

Атап айтқанда, мердігер ұйымдар қосымша пайда табу мақсатында жобалау-сметалық құжаттамада (ЖСҚ) рұқсат етілген карьерлерден алынуға тиіс құм-қиыршық тас қоспасы (ҚҚҚ) мен қиыршық тас-құм қоспасының (ҚТҚҚ) орнына Шымкент қаласына жақын орналасқан, тиісті лицензиялары жоқ өз бетінше ашылған карьерлерден өндірілген материалдарды пайдаланған.

Мәселен, тексеру барысында Шымкент қаласындағы жол құрылысы нысандарына қиыршық тас пен құм-қиыршық тас қоспасын тасымалдап жүрген шамамен 20–25 жүк көлігі анықталған.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 2 қарашада Қаратау ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабының 2-бөлігімен (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) қылмыстық істі тіркеді.

Тэгтер:

Шымкент қылмыстық іс жер қойнауы