Ақмола облысында бір тәулікте болған үш жол апатынан алты адам қаза тапты

Бүгін, 10:22 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының жолдарында соңғы тәулікте болған үш жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Барлық жол апаты 18 қараша күні бір тәулік ішінде болған.

Алғашқы жол апаты Жезқазған – Арқалық – Петропавл тасжолында тіркелді. Онда Renault Sandero және ВАЗ-2106 автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан ресейлік көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты.

Астана – Атбасар – Жақсы тасжолында Hyundai Accent көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір жол апаты Аршалы – Ерейментау – Павловка тасжолында, Тайбай ауылының маңында болған. Honda Odyssey автокөлігі аударылып кеткен. Салдарынан екі жолаушы әйел қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды.

Полиция аталған үш оқиғаның барлығы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта жол апаттарының мән-жайы анықталуда.

Тэгтер:

Жол апаты Ақмола облысы