Теннисші Жібек Құламбаева Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Бүгін, 07:56 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Колинада (Чили) өтіп жатқан WTA 125 турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз Словения өкілі Вероника Эрьявецпен бірге жұптасып өнер көрсетуде.

Қазақстандық-словениялық жұп ширек финалда түркиялық Ипек Оз бен грекиялық Деспина Папамихаилды 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша, олар турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияда өткен турнирде топ жарған болатын.