«Мен де анамын»: Алматыда сәби өліміне айыпталған әйел ақталды

Бүгін, 06:06 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Алматыда 7 айлық нәрестенің өліміне қатысы бар деп айыпталған әйел ақталды. Сот оны қылмыс құрамының болмауына байланысты сот залынан босатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, соңғы сөзінде айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, ана екенін алға тартты.

«Мен де анамын. Біреудің баласын өлтіріп, өз баламды тірі жетім қалдыратын адам емеспін», – деді ол.

Сот істі қарау барысында нәрестенің қылғындырылғаны дәлелденбегенін анықтады. Сондай-ақ сараптама қорытындысында сәбидің асқынған пневмониямен ауырғаны ескерілді.
Осы мән-жайларды негізге алған сот әйелді ақтады.

Бұдан бөлек, жәбірленуші тараптың 50 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы талабы да қанағаттандырылмады.