Талдықорған маңында жантүршігерлік жол апаты болды:

Бүгін, 21:41 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/taldykorganec.insta_

Жетісу облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Талдықорған – Үштөбе тасжолында жеңіл автомобиль жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдай Талдықорған – Үштөбе автожолының 20-шақырымында болған. Жетісу облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, Changan CS35 маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан ол Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырған. Полиция өкілдері жол апатының мән-жайына қатысты ақпарат берді.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – делінген ведомство хабарламасында.

Тэгтер:

Жол апаты Талдықорған