Алматыда ер адам жұмыс орнында әйелмен төбелескен

Бүгін, 20:33 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Алматы қаласындағы құрылыс дүкендерінің бірінде екі қызметкер арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Оқиғадан кейін 19 жастағы жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда бейнежазбаны тексерген полиция әйелдің де әріптесіне қол көтергенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, құрылыс дүкенінде бірге жұмыс істейтін қызметкерлер арасында келіспеушілік туындаған. Жанжал кезінде тараптар бір-біріне күш қолданған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полиция оқиғаға қатысы бар 19 жастағы ер адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Тергеу барысында құқық қорғау қызметкерлері дүкен ішінде түсірілген бейнежазбаларды зерттеген. Нәтижесінде оқиғаның қосымша мән-жайлары анықталған.

Полицияның мәліметінше, бейнежазбада әйел қызметкердің де жанжал кезінде әріптесіне күш қолданғаны байқалған. Осыған байланысты құқық қорғау органдары әйелдің әрекетіне де құқықтық баға беретінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Алматы Дүкен жанжал