Балқашта екі оқушы қызға қатысты зорлық-зомбылық ісі бойынша алты күдікті ұсталды

Бүгін, 17:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

16 қарашада полицияға кәмелетке толмаған 13 және 15 жастағы екі қыздың әкесі арызданған. Ол қыздарының бірнеше рет бір топ адамның тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Туыстарының айтуынша, қыздарды ұрып-соғып, алкоголь ішуге мәжбүрлеген, темекімен денелерін күйдірген және жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сондай-ақ оларға интимдік сипаттағы фото мен бейнежазбаларды таратып жібереміз деп қоқан-лоққы жасағаны айтылады.

Оқушы қыздардың ағасы оларды жалдамалы пәтерлерге апарып, жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлегенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл оқиғаға шамамен 20 адам қатысы болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, болжамды қылмыстар бірнеше рет және әртүрлі жерде жасалған. Қазіргі уақытта алты күдікті ұсталып, барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Тэгтер:

күдікті Жасөспірім Балқаш