Доллар бағасы күрт көтерілді

Бүгін, 16:51 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 448,72 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта 4,47 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 19 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 444,16 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 449,06 теңге, сату бағамы 451,3 теңге. Астана қаласында долларды орта есеппен 444,95 теңгеден сатып алып, 451,99 теңгеден сатуда. Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 448,59 теңге, сату бағамы 451,57 теңге болып отыр.

Еске салайық, 2 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,13 теңгеге, 3 қарашада 0,22 теңгеге, 4 қарашада 0,24 теңгеге, 5 қарашада 0,85 теңгеге, 6 қарашада 4,02 теңгеге төмендеген болатын.

Ал 9 қарашада 1,76 теңгеге қымбаттап, 10 қарашада 1,3 теңгеге, 11 қарашада 2,46 теңгеге, 12 қарашада 1,2 теңгеге арзандады. 13 қарашада доллар бағамы 0,7 теңгеге, 16 қарашада 0,11 теңгеге өсті. 17 қарашада 0,55 теңгеге төмендеп, 18 қарашада 0,17 теңгеге қымбаттаған еді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам