«Мына ісің ұят болды»: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевға тағы шүйлікті

Бүгін, 15:57 / Алуа Арман

Танымал әнші, композитор Марат Омаров журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Нұрлан Өнербаевқа өкпесін жеткізген болатын. Түсініспеушілік Марат Омаровтың «Анашым» әніне қатысты туындаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Марат Омаров Threads желісінде Нұрлан Өнербаевға тағы да өкпесін айтты.

«Мына ісің ұят болды. Өзгенің еңбегін өз атынан иемдену - өнер адамына сын. Ар мен абырой бәрінен биік болуы керек!», - деп жазған ол.

Бұлай жазуына Нұрлан Өнербаевтың әлдебір концертте «Әннің кімнің әні екенінде, сөзін кім жазғанында елдің шаруасы жоқ. Бұл Нұрланның әні» деген сөзі себеп болған.

Тэгтер:

әнші ән Композитор Марат Омаров Нұрлан Өнербаев