Мемлекет басышысы: Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады

Бүгін, 13:26 / Інжу Әлихан
Ақорда

Жаңа Конституциямызда білім, ғылым және инновацияны ұлтымыздың келешек дамуының стратегиялық діңгегі ретінде бекіттік. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Дүние жүзі елдің мәртебесі мен орны зияткерлік қуатына және инновациялық қабілетіне қарап анықталатын жаңа кезеңге қадам басты.

Жаһанда таланттар мен технологиялар үшін бәсекелестік күшейді.

Осындай заманда Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады. Яғни, біз, ең алдымен, отандық және шетелдік білікті маманды жоғары бағалаймыз.

Жаңа Конституциямызда білім, ғылым және инновацияны ұлтымыздың келешек дамуының стратегиялық діңгегі ретінде бекіттік.

Бүгінгі форумға қатысып отырған ардақты ғылыми қауым өкілдері, университеттер басшылары мен халықаралық серіктестер біздің жаңа стратегиямызды мұқият саралап, асқақ мұратымыздың жаңашыл рухын лайықты түрде бағалайтынына сенімдімін», – деді Президент.