«Қазақмыс» майдангерлерге 15 млн теңгеден астам қаржы бөлді

«Қазақмыс» майдангерлерге 15 млн теңгеден астам қаржы бөлді

«Қазақмыс» майдангерлерге 15 млн теңгеден астам қаржы бөлді
ашық дереккөзі
«Қазақмыс» корпорациясы Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтау үшін 15 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соғыс мүгедектері және майдангерлердің жесір қалған жұбайлары «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан 150 мың теңгеден сыйлық алады. Материалдық көмек тыл еңбеккерлеріне де беріледі. Қазақмыс өзінің өндіріс алаңдарында және компания филиалдары бар барлық қалаларда Жеңіс Күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырады. «Бұл біздің еліміз бен халқымыз үшін өте маңызды мереке. Тәуелсіз Қазақстанымыздың жас ұрпағы тарихымызда үлкен орын алатын бұл күнді құрметтеп, асқақтататынына сенімім мол», — деді «Қазақмыс» ЖШС басқарма кеңесінің бас директоры Бақтияр Қрықпышев.