Шымкентте жанармай таситын көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты (ВИДЕО)

Бүгін, 12:31 / Інжу Әлихан
ТЖД Шымкент

Шымкентте жол апатына ұшыраған жанармай таситын көлік өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

18 қараша күні сағат 15:58-де «112» қызметіне Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында жанармай таситын көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде жол апаты салдарынан аударылған көлік толықтай жанып жатқан. Сондай-ақ жолға төгілген жанармай тұтанған.

ТЖД қызметкерлері 60 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толық сөндірді. Көлік кабинасынан ер адамның мәйіті табылды.

Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайын полиция анықтап жатыр.