Шекарада құны 510 млн теңгеден асатын темекі мен вейп тәркіленді – ҰҚК

Бүгін, 11:14 / Інжу Әлихан
ҰҚК

Қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде 593 мың қорап темекіні мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде шекарашылар 13 960 вейп анықтады.

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауарлардың жалпы құны 510 млн теңгеден асады. Екі дерек бойынша да материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.