Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

Бүгін, 05:03 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 19 қарашаға еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, төменгі бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, көктайғақ болады.

Түркістан облысында күндіз жаңбыр, найзағай болжанады. Шымкентте де жауын-шашын мен желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жетісу, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Бірқатар өңірде, сондай-ақ Алматы, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Павлодар және Өскемен қалаларында тұман күтіледі.

Ақтөбе, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Сонымен қатар Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда және ашық аумақта сақ болуға шақырады.