Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалды

18 қараша, 2026 / Жамбыл Жайлау
t.me/qr_tjm

Орал қаласында үш жасар қыз бала пәтердің ішінде қалып қойып, сыртқа шыға алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар есікті ашып, бүлдіршінге көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 18 қарашада Орал қаласының Назарбаев даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы туған қыз бала пәтерде қалып қойған. Бүлдіршінге көмек көрсету үшін оқиға орнына құтқарушылар шақырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін қыздың анасымен бірге пәтердің кіреберіс есігін ашқан. Абырой болғанда, бала зардап шекпеген.

ТЖМ мәліметінше, оқиғадан кейін үш жасар қызға медициналық көмек қажет болмаған.

Тэгтер:

Орал