ТЖМ қызметкері гір спортынан әлем чемпионатында қола медаль иеленді

Бүгін, 17:44 / Інжу Әлихан
ТЖМ

14-18 қараша аралығында Латвияның Рига қаласында гір спортынан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 30-дан астам елдің өкілдері мен 500-ден аса спортшы қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыста Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының аға инженері Александр Комаров өнер көрсетті.

Ересектер арасында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, «ұзын цикл» дисциплинасы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері Александр Комаров жеке есепте қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы ұзын цикл бойынша эстафетада күміс жүлдеге ие болды.

Бұл жетістік көп жылғы еңбектің, қажыр-қайрат пен темірдей тәртіптің нәтижесі.

Александр Комаровты лайықты марапатымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа спорттық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!